Спорт

Шевченко жарыстағы сәтсіздігінен кейін: команданы жерге қараттым

© AFP 2024 / Odd ANDERSEN Анна Шевченко
Анна Шевченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық шаңғышылар Шевченко мен Тюленова жарыс көшбасшыларынан 23 секундқа қалып қойған

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қазақстанның шаңғы жарысы бойынша әйелдер құрамасы еркін стильдегі командалық спринтке қатысты, деп хабарлайды ұлттық олимпиадалық комитет сайты.

Алексей Полторанин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Олимпиада-2018. Бүгін отандастарымыз екі спорт түрінен сайысқа түседі

Анна Шевченко мен Валерия Тюленованың командасы бірінші жартылай финалда оныншы орынға ие болды, олар жарыс көшбасшысы  – Норвегия командасынан 23 секундқа қалып қойған. 

"Нәтиже біз үшін де, бапкерлер үшін де қанағаттандырарлықтай емес. Финалға шыққымыз келді, бірақ мүмкіндікті жіберіп алдық. Команданы жерге қаратқаныма қынжылып тұрмын. Басқа нәтиже күткен едім, бірақ болар іс болды. Еңсемізді түсірмей, басқа жарыстарға дайындаламыз", — дейді Анна Шевченко.

Финалға Норвегия, Швеция, Финляндия, АҚШ, Франция, Польша, Германия, Швейцария, Словения және Ресейлік олимпиада атлеттері шыққан. 


Жаңалықтар
0