Спорт

Полторанин мен Волотка Олимпиада финалына шыға алмады

© REUTERS / Kai PfaffenbachАлексей Полторанин
Алексей Полторанин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық құрама көшбасшыларының бірі Алексей Полторанин жарыстан кейін өзін нашар сезініп тұрғанын айтты

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қазақстанның шаңғы жарысынан ерлер командасы еркін стильдегі командалық спринтте финалға шыға алмады, деп хабарлайды ұлттық олимпиадалық комитет.

Анна Шевченко - Sputnik Қазақстан
Спорт
Шевченко жарыстағы сәтсіздігінен кейін: команданы жерге қараттым

Алексей Полторанин мен Денис Волотка командасы сегізінші орынды иеленді. Қазақстандықтар жарыста топ жарған Норвегия спортшыларынан 26 секундқа қалып қойған.

"Жағдайым онша жақсы емес. Тіпті не ойларымды білмеймін. Бәлкім, коньки әдісімен жарысатын старттарға көптен қатыспағаннан шығар", — деді Полторанин. 

Екі жартылай финалдың қорытындысы бойынша, финалға Норвегия, Италия, Франция, АҚШ, Канада, Швеция, Финляндия, Германия, Чехия және Ресейлік олимпиада атлеттері шықты.

Жаңалықтар
0