Спорт

Головкиннен оңбай таяқ жеген боксшы реваншта "Канело" жеңетінін айтты

© AFP 2024 / ADRIAN DENNIS Келл Брук
Келл Брук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келл Брук Головкин - Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Британиялық боксшы Келл Брук (37-2, 26 КО) Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек жайлы пікірін білдірді, деп хабарлады prosports.kz отандық басылымдарға сілтеме жасап. 

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело" Головкинмен жекпе-жек алдында допинг-тестен өте алмай қалды
"Канело" — өте жақсы боксшы, ол тамаша бокстасады. Головкин де мықты. Бұл кездесудің тартысты өтетінінен дерек береді. Мен "Канело" екінші жекпе-жекте жеңіске жетеді деп есептеймін. Менің ойымша, кездесу осы жолы да ұзаққа созылады. Ал нокаут болып жатса мен шын таңғалар едім", — дейді Брук.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин Брукті бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Жекпе-жектен кейін британиялық боксшы ауруханаға түсіп, көзіне ота жасатты. 

Ал Головкин мен Альварестің 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды. Реванш 5 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.   

Жаңалықтар
0