Александр Колядин

Паралимпиада-2018: жеңімпаздар жүлдесі үшін қанша сыйақы алады?

77
Қазақстанда паралимпиадашылардың сыйақысы Олимпиада жеңімпаздарыныкімен теңестірілген

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Қазақстанның Паралимпиада жүлдесі үшін беретін сыйақысы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады.

Отандық жүлде иегерлерінің ақшалай сыйақысының көлемін Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі тағайындап, бекіткен.

Паралимпиадада алтын медаль иеленген шаңғышы Александр Колядинге сыйақы ретінде 250 мың доллар төленеді. 

Ал, екінші орын иеленген атлеттерге 150 мың доллар беріледі. Паралимпиаданың қола жүлдесі үшін 75 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Төртінші, бесінші және алтыншы орындарға тиісінше 30 мың, 10 мың және 5 мың доллар төленеді.

Қысқы Паралимпиада Пхенчханда 9 наурызда басталды. Қазақстан құрамасы қоржынындағы бір алтын жүлдені арқасында жалпы есепте 13-ші орында тұр.

77
Кілт сөздер:
сыйақы, жеңімпаздар, жүлде, спорт, қысқы Паралимпиада-2018, Пхенчхан
Загрузка...