Спорт

Головкиннің сөзі расталды: "Канело" дәрі ішіп жатқаны видеоға түсіп қалған

© AP Photo / Damian DovarganesСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақпанда Альварестің екі допинг-сынамасынан тыйым салынған зат — кленбутерол табылды

АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Instagram-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты айтқан сөзін растайтын видео жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz. 

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин: "Канело" алғашқы жекпе-жектен алдын да допинг қолданды
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Головкин қарсыласы алғашқы жекпе-жек алдында да "таза" болмағанын мәлімдеген еді. Ол мексикалықтың бұлшық еттерінің өсуіне көмектескен денесіндегі ине іздерін дәлел ретінде келтірді, сонымен қатар "Канело" салмақ өлшеу алдында қандай да бір дәріні жұтып, артынан су ішкенін айтқан болатын. Геннадий мексикалық боксшыны "алаяқ" деп атап, одан осы жайтты түсіндіруді талап етті. 

Айта кетейік, ақпан айында Альварестің екі допинг-сынамасынан тыйым салынған зат — кленбутерол табылды.  

Жаңалықтар
0