Спорт

Роналду бір ойында бірнеше рекорд жаңартты

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуКриштиану Роналду, архивтегі фото
Криштиану Роналду, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Португалия футболшысы кеше алғашқы голын ойынның бар болғаны үшінші минутында соқты

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында "Ювентуске" қонаққа барған "Реал Мадрид" командасы 0:3 есебімен жеңіске жетті, деп жазады prosports.kz. 

Осы кездесуде қос гол соққан испаниялық команданың шабуылшысы Криштиану Роналду бір матчтың өзінде бірнеше рекорд жаңартып тастады.

Криштиану Роналду - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Криштиану Роналдудың иығына жабылған шапанды кім тікті?

Роналду кеше алғашқы голын ойынның бар болғаны үшінші минутында соқты. Матч басталып 166-шы секундта соғылған гол "Ювентустің" Чемпиондар лигасы тарихында өз қақпасына жіберген ең тез голы. 

Сонымен қатар, бұл гол Криштианудың Чемпиондар лигасында соққан ең жылдам голы. Оның бұған дейінгі ең жақсы нәтижесі 4 минут болатын. Бір қызығы, ол гол да "Ювентус" қақпасына соғылған. 2013 жыл 23 қазан.

Роналду биыл Чемпиондар лигасы аясында өткен 9 матчта да гол соқты. Бұған өткен маусымның финалында гол соққанын қоссақ, португалиялықтың қатарынан гол соғу сериясы 10 ойынға жетті. Бұл да жаңа рекорд. Бұған дейін қатарынан гол соғу көрсеткіші "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Ван Нистелройға тиесілі болатын (9 матч. 2003 жыл).

Кешегі ойыннан кейін Роналду өзінің Чемпиондар лигасындағы 98-ші жеңісіне жетіп отыр. Осылайша, ол Чемпиондар лигасында ең көп жеңіске жеткен футболшы атанды.

футбол - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасын жеңді

Кеше Роналду "Ювентус" қақпасына өзінің 9-шы голын соқты. Сөйтіп, Чемпиондар лигасында туриндік командаға ең көп гол соққан ойыншы атағын алды. Әрі Джанлуи́джи Буффо́н қорғаған қақпаға ең көп гол соққан футболшы болды. Буффонға Криштианудан басқа бірде-бір футболшы осынша көп гол соға алмаған.

Бұлардан бөлек, Роналду кеше екінші голын қайшылап тепті. Бұл оның клубтық деңгейде қайшылап теуіп соққан алғашқы голы. Ұлттық құрама сапындағы осындай мәнердегі голын былтыр соққан болатын. Тағы бір айта кетерлігі, бұл Криштианудың Чемпиондар лигасындағы 119-шы голы. 


Жаңалықтар
0