Бокс қолғабы

Айдар Шәрібаев қалай жеңіліс тапты немесе жекпе-жектің видеосы

567
(Жаңартылды 10:15 15.04.2018)
Жекпе-жекке WBA құрылықаралық чемпионы белбеуі тігілді

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Бүгін АҚШ-тың Индио қаласында Golden Boy компаниясының бокс кеші аясында қазақстандық Айдар Шәрібаев пен америкалық Эндрю Кансио арасында титулды жекпе-жек өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жекте екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA құрылықаралық чемпионы белбеуі сарапқа салынды. 

Үшінші раундта Кансио біздің боксшыны нокдаунға жіберді, Шәрібаев бесінші раундта тағы да нокдаун алды.  

Соңғы оныншы раундта қазақстандықтың командасы рингке орамал лақтырды. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі, ол бұған дейін жеті рет жеңіске жеткен (алтауында – мерзімінен бұрын). Ал Кансио 18-ші жекпе-жегін жеңіп алды (14-ін мерзімінен бұрын), төрт рет жеңіліп, екі рет тең түскен.   

567
Загрузка...