Спорт

Жапониялық боксшының промоутері Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды

© REUTERS / Henry Browne LivepicГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің WBA (Super) белбеуіне міндетті үміткер Мурата таяуда өз титулын сәтті қорғаған

АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер жапониялық Риото Муратаға (13-1, 10 КО) қарсы жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды prosports.kz. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин бір белбеуінен айырылып қалуы мүмкін

Головкиннің WBA (Super) белбеуіне міндетті үміткер Мурата таяуда өз титулын сәтті қорғап қалды. Ал оның промоутері күзде Токио қаласында Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды. 

"Мурата Жапонияда жақсы жекпе-жек өткізді. Ол өз елінде өте танымал. Головкин Муратамен Токиода жекпе-жек өткізетін болса, Tokyo Dome стадионында көрермендер көп болатыны сөзсіз", — деді Леффлер.


Жаңалықтар
0