Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа біржолата ауысты

30
(Жаңартылды 12:34 17.04.2018)
Әлем чемпионы карьерасында уақытша үзіліс жасаған болатын

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.  

25 жастағы боксшы қаңтар айында Қазақстан құрамасының сапынан кетіп, карьерасында уақытша үзіліс жасаған болатын. Тіпті, кейбір БАҚ өкілдері Жәнібектің бокстан біржолға кететінін жазған болатын.

Алайда бүгін белгілі болғандай Жәнібек Әлімханұлы біржола кәсіпқой боксқа ауысты. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Сондай-ақ, Азия біріншілігі мен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері, Азия ойындарында топ жарған.

Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Алматыда өткен үлкен кәсіпқой бокс кешінде өткізіп, дебюттік кездесуінде-ақ тәжірибелі әрі Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Милтон Нуньесті алғашқы раундта нокаутқа жіберді.  Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін Ислам-Кук арасындағы жекпе-жектің андеркартында өткізді. Отандасымыз бразиялық Жильберту Перейра дос Сантосты (14-5-0) төрешілер шешімі бойынша жеңді.


30