Спорт

Головкиннің кіммен жұдырықтасатыны ресми қашан жарияланатыны белгілі болды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегінің ресми аңдатпасы қашан шығатыны жарияланды

АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. ESPN Deportes өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян жекпе-жегінің ресми аңдатпасы таяуда жарияланатынын хабарлады, деп жазады Sports.kz

Канат Ислам - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанат Ислам "Головкинмен жұдырықтасқың келе ме?" деген сұраққа жауап берді

18 сәуірде Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің допинг ісі бойынша тыңдау өтеді.  

Осы күні Головкин-Мартиросян жекпе-жегі туралы жариялануы мүмкін. Басылымның хабарлауынша, боксшылардың промоутерлері Том Леффлер (Головкин) мен Дон Кинг (Мартиросян) белсенді келіссөз жүргізіп жатыр. 

Жекпе-жек StubHub Center аренасында (Карсон, Калифорния штаты) өтуі ықтимал, оны HBO (PPV-ның ақылы көрсетілімі болмайды) телеарнасы көрсетеді. 

 

Жаңалықтар
0