Спорт

Сергей Деревянченко: Головкин менен неліктен қашып жүргенін түсінбеймін

© AFP 2024 / MARK RALSTON /Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
IBF ұйымы Головкиннің Ванес Мартиросянмен өтуі мүмкін жекпе-жегіне рұқсат беруден бас тартты

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченко Геннадий Головкинді міндеттемесін орындап, өзіне қарсы жекпе-жек өткізуге шақырды, деп жазды Sports.kz. 

Канат Ислам - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанат Ислам "Головкинмен жұдырықтасқың келе ме?" деген сұраққа жауап берді

"Титулдық жекпе-жек өткізуге қажетті жолды жүріп өттім. Келесі жекпе-жегімді Головкинге қарсы өткізуге дайынмын және келісім беремін. Ол кез келген уақытта кіммен болса да айқасатынын айтты. Неге менен қашып жүргенін түсінбеймін", — деді Деревянченко The Ring-ке берген сұхбатында.  

Бүгін IBF Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянмен өтуі мүмкін жекпе-жегіне рұқсат беруден бас тартқаны белгілі болды. Енді ұйым GGG-ден өздерінің нұсқасы бойынша чемпиондық титулды босатуды талап етуі мүмкін.  


Жаңалықтар
0