Спорт

Головкиннің 5 мамырдағы қарсыласы туралы не білеміз?

CC0 / / Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ванес Мартиросян кәсіпқой бокста 40 кездесу өткізіп, оның отыз алтысында жеңіске жеткен. Үшеуінде ұтылып, бір жекпе-жек тең есеппен аяқталған

АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. 5 мамыр күні жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлады prosports.kz.

Әуелде қазақстандық боксшы Сауль Альвареспен екінші жекпе-жек өткізу керек болған. Алайда, мексикалық боксшы допинг сынамадан өте алмай, кездесуге шығудан бас тартты.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сергей Деревянченко: Головкин менен неліктен қашып жүргенін түсінбеймін

Қазақстандық боксшы 5 мамыр күні қалай да кездесу өткізетінін жеткізді. Үміткерлер қатарында біраз белді боксшылардың болғаны да белгілі. Таңдау Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 КО) түсіпті.

Ванес Мартиросян Арменияда туғанымен төрт жасында Америкаға ата-анасымен қоныс аударған. Бокстағы алғашқы қадамын да Америка жерінде бастаған. Бокс Ванестің қанында бар көрінеді. Оның әкесі де кезінде таңдаулы боксшылар қатарында болған екен.

Әуесқой бокста жүріп бірнеше белесті бағындырған. АҚШ құрамасы қатарында белді турнирлерде бағы жанып, 2004 жылғы Афина Олимпиадасына жолы түскен. Осылайша Ванес Мартиросян АҚШ құрамасы атынан Олимпиада ойындарына барған алғашқы армениялық атанды. Афина Олимпиадасында Мартиросян алғашқы кездесуінде алжирлік боксшыны жеңгенімен екінші жекпе-жекте кубалық спортшыға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Жиырма жасында Ванес Мартиросян кәсіпқой боксқа ауысуды жөн санайды. 

Армения елінің тумасының кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамы сәтті болды. Бастапқы кездесулерінің бәрінде жеңіске жетіп жүрді. Жалпы кәсіпқой бокста қырық кездесу өткізіп, оның отыз алтысында жеңіске жеткен. Үшеуінде ұтылып, бір жекпе-жек тең есеппен аяқталған.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Головкинге Астана әкімі болу үшін Қазақстанға оралатын кез келді"

Өзінің соңғы кездесуінде кубалық Элисланди Лараға есе жіберген. Ларадан өзге өзінің отандастары Деметриус Андраде мен Джермелл Чарлодан жеңілген.

Ванес Мартиросян соңғы жекпе-жегін осыдан екі жыл бұрын өткізіпті. Қазір боксшының бабын дөп басып айту қиын. Қалай болған күннің өзінде 5 мамыр күні Ванес Мартиросян Головкинге айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, кезекті "құрбанына" айналуы мүмкін.


Жаңалықтар
0