Спорт

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы венгрлерді ойсырата ұтты

© Официальный сайт ХК "Барыс"Қазақстан мен Венгрия құрамаларының арасындағы матч
Қазақстан мен Венгрия құрамаларының арасындағы матч - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хоккейден Қазақстан командасы турнир қожайындары – Венгрия құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Венгрия құрамасын ойсырата жеңді.  

Қазақстан хоккей құрамасы Еврочеллендж жеңімпазы атанды - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан хоккей құрамасы матчтың соңғы минутында Еврочеллендж жеңімпазы атанды

Турнир Будапеште 22 сәуір күні басталды.  А тобына түскен Қазақстан құрамасы турнир қожайындарын 3:0 есебімен ұтты. 

Екі кезеңде шайба соғылған жоқ. Үшінші кезеңде қазақстандықтар тамаша ойын көрсетті: Валерий Орехов есеп ашқаны сол еді, артынша Евгений Рымарев дубль жасады. Сөйтіп біздің команда үш ұпай еншіледі.    

 Қазақстан құрамасы келесі матчын 24 сәуірде Ұлыбританияға қарсы өткізеді.  


Жаңалықтар
0