Спорт

Ең үздік: Баландин Қазақстан чемпионы атанды

© AFP 2024 / Martin BUREAUДмитрий Баландин
Дмитрий Баландин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дмитрий Баландин 2020 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатыспақшы

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Қазақстан чемпионы атанды.

Спортшы қарсыласы Айбек Қамзеновты озып,  мәреге бір минут 39 секундта жеткен, деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитеті сайты.

Жарыстың ашылу салтанаты Ақтөбеде сейсенбі күні болды. Биыл ел біріншілігіне Қазақстан мен Ресейден 250 спортшы қатысып жатыр.

Баспасөз мәслихатында олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин алдағы жоспарымен бөлісті.

"2014 жылы халықаралық рейтингтік турнирде жоғары көрсеткішке қол жеткіздім. Сол кезде Олимпиада ойындарына қатысып көрсем қайтеді деген ой келді. Әлбетте, мұндай жоғары жетістікке жетем деп ойламаған едім. Алдағы басты мақсатым — Токиодағы Олимпиада ойындары", — деді Баландин.

Жаңалықтар
0