Спорт

Головкин мен Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасалды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин - Мартиросян жекпе-жегі АҚШ-та 5 мамырда өтеді

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Inside HBO Boxing сайты алдағы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) жекпе-жегіне болжам жасады, деп жазады prosports.kz. 

"GGG-нің физикалық қабілеті төмендеп келеді және ол жаңа әрі көпшілікке аса танымал емес боксшыға қарсы бәсекелесуге қиын бейімделіп жатыр. Мартиросян өзіне айтылып жүрген соңғы сындарды ескеріп, осы жолы барлық мүмкіндігін көрсететін болады. Алайда ол нәтижесіз болмақ. Головкин Альвареске кеткен ашуын Мартиросяннан алады. Головкин жекпе-жектің мүмкін ортасында оны нокаутқа түсіреді", — деп жазады сайт.

Еске сала кетейік, Головкин — Мартиросян жекпе-жегі АҚШ-та 5 мамырда өтеді.

 

Жаңалықтар
0