Спорт

Мартиросян Головкиннің соққысы туралы: пойыздың астына түскендей болдым

© AP Photo / Chris CarlsonГеннадий Головкин мен Ванес Мартиросян
Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу екінші раундта аяқталды, GGG америкалықты нокаутқа түсірді

АСТАНА, 6 мамыр — Sputnik. Америкалық боксшы, ұлты армян Ванес Мартиросян Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін оның соққысының күші туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

GGG мен Мартиросянның жекпе-жегі Калифорния штатындағы Карсонда өтіп, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Головкин бірнеше жойқын соққы жасап, америкалықты нокаутқа түсірген болатын.

"Пойыз қағып кеткендей күй кештім. Бір ғана соққы емес, бірнеше қатты соққы. Мені бұлай ешқашан сабаған емес", — дейді Мартиросян жекпе-жектен кейін.

Ресми Instagram аккаунтында Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғысын білдірді. 

"Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!" – деп жазды GGG. 

 

 

Желіде Мартиросян мен Головкиннің бірге түскен суреті пайда болды.

Жаңалықтар
0