Спорт

Жаңа әлем чемпионы Головкин — "Канело" реваншы жеңімпазымен кездескісі келеді

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлем чемпионы атанған мексикалық боксшы Хайме Мунгия кіммен болса да жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді

АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын америкалық Садам Әлиден (26-2, 14 КО) тартып алған мексикалық боксшы Хайме Мунгия (29-0, 25 КО) үлкен жекпе-жек өткізгісі келіп отыр, деп хабарлады Sports.kz.

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен Альварестің реваншы қашан болатыны анықталды

Мунгия жеңіске жеткеннен кейін кіaммен болса да жұдырықтасуға дайын екенін айтты, тіпті қыркүйекте өтеді деп жоспарланған Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) реваншының жеңімпазымен кездесу үшін орта салмаққа көтерілуге әзір екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Мунгия Головкинмен 5 мамырда жұдырықтасуға ниет білдірген болатын, алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мұндай жекпе-жектерге тәжірибесі жеткіліксіз екенін алға тартып, оның кандидатурасын бекіткен жоқ. Геннадий оның орнына америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) кездесіп, екінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.   


Жаңалықтар
0