Спорт

Сарапшы Головкин мен "Канелоның" күшін салыстырды

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегі биыл қыркүйек айында өтуі мүмкін

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Boxingscene.com журналисі Стивен Эдвардс Daily Bread Mailbag айдарында Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) туралы жазды, деп хабарлайды prosports.kz. 

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жаңа әлем чемпионы Головкин — "Канело" реваншы жеңімпазымен кездескісі келеді

"Головкинде атлетизм бар, бірақ оны атлетикалық спортшы деп санамаған болар едім. Меніңше, ол Марвин Хаглер немесе Костя Цзю секілді дене күшіне сүйене отырып бокстасатын тегеурінді панчер. "Канело" біраз басқаша. Оның Головкинге қарағанда атлетикасы басымырақ, бірақ бұл басымдық айтарлықтай көп емес. "Канело" дарындылау. Оның соққылары ғажайып. Ол соққыларын түрлендіре алады. Ол өте үйлесімді жұдырықтасады. Бірақ суператлет емес. Оны Джеймс Тониге ұқсатуға болады", — деп жазады автор.

Еске сала кетейік, Головкин мен "Канело" былтырғы қыркүйекте кездескен болатын. Сол жекпе-жекте тіркелген тең нәтиже күмәнді болып, бокс жанкүйерлерін абыржытқан. Содан кейін 5 мамырда қайта кездеседі деп жоспарланғанмен, мексикалық боксшының допинг дауына ілігуіне байланысты, Головкин Ванес Мартиросянмен жекпе-жек өткізуге мәжбүр болды.


Жаңалықтар
0