Спорт

Белгілі бапкер Головкиннің деңгейі төмендегенін айтты

© AP Photo / Damian DovarganesГеннадий Головкин ашық жаттығу кезінде
Геннадий Головкин ашық жаттығу кезінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алекс Азиздің пікірінше, боксшының спорттық карьерасындағы соңғы жылдарда тәжірибелі әрі білімді команда қажет

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақта  әлем чемпионы америкалық Давид Бенавидестің бапкері Алекс Азиз Головкиннің деңгейі төмендегенін айтты, деп жазды prosports.kz.

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сарапшы Головкин мен "Канелоның" күшін салыстырды

Алекс Азиздің пікірінше, Головкин бұрынғыдай мықты емес, оған тәжірибелі әрі білімді команда керек.

"Головкин бұрынғыдай мықты емес. Ол көп соққы жібереді, бұл жаттығудың көрсеткіші. Абель Санчес ескі мектептің бапкері, бірақ ғалым емес. Головкин дәл Мэнни Пакьяо секілді құбылып жатыр. Боксшының спорттық карьерасындағы соңғы жылдарда тәжірибелі әрі білімді команда қажет, – дейді Азиз.


Жаңалықтар
0