Футбол алаңы

"Атырау" ФК жанкүйерлері "Астанаға" қарсы матч кезінде алаңға бөтелке лақтырды

18
(Жаңартылды 16:07 18.05.2018)
Атырау футбол клубы жанкүйерлерінің әрекеті үшін ірі айыппұл төлейді

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті Астанадағы отырыс кезінде Қазақстан Республикасы чемпионатының регламентін бұзған футбол командаларына қатысты шешім шығарды.

Қазақстан Республикасы чемпионатының Х туры аясында өткен "Атырау" — "Астана" ФК матчы кезінде көрермендер трибунадан алаңға бөтелке лақтырып, ал жанкүйерлердің бірі ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан. "Атырау" ФК 16 маусымға дейін 300 АЕК, яғни 721 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Қазақстан Республикасы чемпионатының регламентін бұзған, дәлірек айтсақ, қол алысу үшін алаңға шықпаған "Атырау" ФК бас бапкері Сосновский Андриан Вячеславовичке 100 АЕК, яғни 240 500 теңге айыппұл салынды.

"Қайратқа" қарсы матч біткен соң алаңға жанкүйерлері жүгіріп шыққаны үшін "Тобыл" ФК-на 500 АЕК айыппұл салынды, яғни 1 202 500 теңге. Айыппұлды 2018 жылдың 16 маусымына дейін төлеуі тиіс.

18
Кілт сөздер:
жанкүйерлер, айыппұл, футбол, Қазақстан футбол федерациясы