Спорт

Жаңа әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырамын деп нақұрыс атанды

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мунгия Головкинмен 5 мамырда жұдырықтасуға ниет білдірген болатын, алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы оның кандидатурасын бекіткен жоқ

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Boxingscene.com журналисі Стивен Эдвардс өзінің Daily Bread Mailbag айдарында мексикалық Хайме Мунгияның (29-0, 25 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) өтпей қалған жекпе-жегіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Sports.kz.

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жаңа әлем чемпионы Головкин — "Канело" реваншы жеңімпазымен кездескісі келеді

Мунгия Головкинмен 5 мамырда жұдырықтасуға ниет білдірген болатын, алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мұндай жекпе-жектерге тәжірибесі жеткіліксіз екенін алға тартып, оның кандидатурасын бекіткен жоқ. Геннадий оның орнына америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутқа жіберді. Ал Хайме америкалық Садам Әлимен (26-2, 14 КО) жұдырықтасып, бірінші орта салмақтағы WBO әлем чемпионы белбеуін тартып алды.    

"Мунгия қысқа уақыт ішінде әр түрлі салмақ дәрежесінде екі жекпе-жекті қабылдады. Ештеңені дәлелдемеген 21 жастағы жігітті GGG-ге қарсы қою не оның командасында нақұрыстар жиналғанын, не олар боксшының бойынан әлдебір ерекше қасиетті көргенін білдіреді. Ал кейін ол Әлимен жұдырықтасуға келісіп, оны ұрып жықты. Әлемдегі боксшылардың 99%-ы бұл екі мүмкіндікті пайдаланбаған болар еді. Бірақ бұл жігіт оны жасады. Лотерея ойнамасаң, ұтпайсың. Мунгия ержүрек қана емес, мықты екенін дәлелдеді", — деп жазды автор.  


Жаңалықтар
0