Спорт

Төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы спорттан шеттетілді

CC0 / / Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов уақытша жарысқа қатысу құқығынан айырылған

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik.  Boxrec.com сайты бірден төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы спорттан шеттетілгенін жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

Доллар - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мәдиев Головкин – Мартиросян жекпе-жегі андекардынан қанша гонорар алғаны анықталды

Атап айтқанда, Димаш Ниязов (13-1-3, 6 КО), Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО), Шыңғысхан Тәжібай (6-0, 2 КО) және Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) бокспен уақытша қош айтысқан. 

Нью-Йорк штаты атлетикалық комиссиясының Тәжібайды жарысқа қатысу құғынан айыру мерзімі бүгін аяқталады, осы комиссия Ниязовты 27 маусымға дейін шеттеткен. Шәрібаев пен (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловқа (19 маусымға дейін) қатысты шешімді Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қабылдаған.  

Санкцияға атақты боксшылар да ілінген: мысалы, Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО).

Шын мәнінде, бұл "шеттетулердің" ешқандай қаупі жоқ. Боксшыларға жақында өткізген жекпе-жектерінен кейін толығымен қалпына келу үшін медициналық сипатта шара қолданылған.


Жаңалықтар
0