Көкпар

Бекболат Тілеухан: қазақстандық жұлдыздар көкпар тартады

210
(Жаңартылды 18:28 09.08.2018)
Биыл елімізде ұлттық спортты насихаттау мақсатында "Жұлдызды көкпар" жарысы өтеді

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. 1 маусымда Астанада басталатын теңге ілу мен аударыспақтан Азия чемпионаттары биылғы ұлттық спорттың маусымашар шаралары болмақ. Алда қазақстандық жұлдыздар арасында  "Жұлдызды көкпар", "Жұлдызды асық" сайыстары өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Осы жылы садақ атудан әлем чемпионаты өтеді. Бұған бүкіл құрлықтан, тіпті Африкадан қатысуға ниет білдіріп отырған адамдар бар. Содан кейін көкпардың насихаты үшін "Жұлдызды көкпар" жарысын ұйымдастырмақпыз. Онда атқа жақын, өнер мен спортта жүрген жұлдыздарымыз бақ сынайды. Мәдениет және спорт министрлігі де жаңа жобаға қолдау білдіріп отыр. Бұл көкпардың насихатына үлкен әсері болатын дүние. "Жұлдызды асық" деген жобамыз да бар. Осылар арқылы біз ұлттық спортымызды насихаттауға мүмкіндік ашамыз", — деді Мәжіліс депутаты, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік пен ұлттық спорт қауымдастығы жоспарлап отырған жобалардың бірі –  "Алтын тұлпар" аламан бәйгесі. 

"Бұған байланысты бір нәрсені айта кетсем, "Ақ жол" партиясы ұлттық спортқа қарай мойын бұра бастады. Аламан бәйге қыркүйектің бірінші жексенбісінде болады. Мәдениет және спорт министрлігі жобаларымызға әрдайым қолдау көрсетеді. "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры мен  "Samruk-Kazyna Trust" қоры да көмектесеміз деп отыр", — деді ол. 

Сондай-ақ, Бекболат Тілеухан көкпардан ІІ әлем чемпионатын өткізуге Түркия тарапы қызығушылық танытқанын атап өтті. Айтуынша, қазір осыған қатысты келіссөздер жүргізілуде.


210
Кілт сөздер:
көкпар, аударыспақ, теңге ілу, Бекболат Тілеухан
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

26
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

26
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

2289
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

2289
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Алматы, көлік

Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - оқиғаның мән-жайы

0
Желіде алматылық стадионда түсірілген видео жарияланды. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Желіде  Алматыда мас жүргізуші "Спартак" стадионына барып, көлікпен адамдарды қуған сәттің видеосы қызу талқыланып жатыр.  

Видео 24news_kz Instagram парақшасында жүктелген. Автор оқиға 8 тамыз күні болғанын жазған. 22 жастағы жігіт көлікпен футбол алаңының қоршауын бұзып, адамдарды қағып кете жаздады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ КАЗАХСТАНА|21+🇰🇿 (@24news_kz)

Кадр сыртында бала мен ересек адамның даусы естіледі. 

"Бес жасар бала футбол қақпасының торынан шыға алмай, әрең дегенде аман қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бастапқыда біз жүргізуші газ бен тежегішті шатастырып алды деп ойлаған едік. Көлік бір тоқтап, бір қозғалды. Жүргізуші терезені ашып: "Дәулет!" деп айқайлады (өзінің інісін іздеп жүрсе керек). Сол кезде ғана адамдар жүргізуші мас екенін түсініп, жан-жаққа қаша бастады. Кейбір адамдар трибунаға шығып кетті", - дейді оқиға куәгері.

Жазбада жүргізушінің туыстары таныстарына хабарласып, жазадан құтылуға көмектесіп жатқаны жазылған.

"Полиция жігітті Медеу аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті.  "Порше", "Лексус" көліктерімен кісілер келіп жатты. Киімдерінен тойдан шыққаны көрініп тұр. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр", - дейді автор.

Sputnik Қазақстан ресми ақпарат алу үшін Алматы қаласы полиция департаментіне хабарласты. Полиция ақпаратты нақтылайтынын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі

0
Кілт сөздер:
желі, видео, Алматы
Тақырып бойынша
Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды – видео
Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды – видео
Полиция басшысының туыстары халықтан кешірім сұрады – видео
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады
Нұр-Сұлтан ауруханасында түсірілген видео жарияланды