Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі

Головкин "Канело" реваншы: Котто нокаутқа 3 млн доллар тігетінін айтты

1565
(Жаңартылды 10:17 25.05.2018)
Мигель Коттоның пікірінше, мексикалықтың Головкинге қарағанда техникасы жақсырақ

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Facebook-тегі Boxing Fans Worldwide en Español паблигі Мигель Коттоның қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін реваншқа қатысты айтқан сөзін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Әлеуметтік желі паблигіндегі Мигель Котто айтты деген сөзді назарларыңызға ұсынамыз: 

"Канело" Альварестің Головкинге қарағанда техникасы жақсырақ. Меніңше, екінші жекпе-жекте "Канело" жеңеді. Егер реванш өтетін болса, мен "Канело" нокаутпен жеңеді деп 3 миллион доллар бәс тікпекшімін".  

Айта кетейік, Boxing Fans Worldwide en Español паблигінің 14 мыңнан астам жазылушысы бар, ресурс АҚШ, Мексика және Пуэрто-Рико елдерінің испан тілді бокс сүйер қауымына арналған.  


1565
Тақырып:
Головкиннің жекпе-жегі (54)
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болды

41
(Жаңартылды 15:13 27.05.2020)
Ол бұған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлады Olympic.kz.

Оқи отырыңыз: Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қызметке тағайындалды 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құраманы 2016 жылдан бері басқарып келген Юрий Мельниковтың орнына Бақыт Ахметов келді. Ол осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Бақыт Ахметов туралы не білеміз?

Бақыт Ахметов 1979 жылы Шымкент қаласында туған. Азия чемпионы және қола жүлдегері (2004, 2007), Азия ойындарында алтын және қола жүлде (2002, 2006) жеңіп алған.

2009 жылдан бері жастар командасын баптаған білікті бапкердің шәкірттері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Атап айтқанда, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан.

41
Кілт сөздер:
бас бапкер, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды  
Чиншанло Беларусь турнирінде қола медаль жеңіп алды  
Қазақстандық ауыр атлет халықаралық турнирде алтын медаль ұтты
Зілтемірші Майя Манеза істі болды
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды – видео
Архивтегі фото

Бокстан Ресей құрамасы Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

23
Ресей ерлер командасы келесі айдың соңында Қазақстан құрамасымен бірлесіп оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ресейдің бокстан ерлер құрамасы маусымның соңы мен шілденің басында Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

"Біз Қазақстандағы оқу-жаттығу жиынына ұшуды жоспарлап отырмыз, онда біз Қазақстан, Өзбекстан және Украинаның боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізгіміз келеді", - деді бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Виктор Фархутдинов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық төрт боксшы Венгрияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты  

Сондай-ақ, жаттықтырушының айтуынша, жиын 22 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Жаттығудың соңғы бес күні жоғарыда аталған қарсыластармен ұрыс жаттығуы түрінде өтеді.

"Одан әрі 3-12 тамызда Сочиде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, арнайы жұмыс жүргіземіз. Біз оған Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Куба, Франция құрамаларын шақырғымыз келеді", - деп өз жоспарын жариялады Фархутдинов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында ұлттық құраманың карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарлағаны туралы жазылған болатын – ол мамырдың соңында басталуы керек.

23
Кілт сөздер:
оқу-жаттығулар, бокс
Тақырып бойынша
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды
Белгілі спорт қайраткері өмірден озды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

116
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

116
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр