Спорт

Әлемді таңғалдырған қазақ боксшысы рейтингте 434 орынға бір-ақ көтерілді

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Садриддин Ахмедов аргентиналық Ариэль Алехандро Сампедриді бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО) беделді BoxRec.com сайтының рейтингінде едәуір көтерілді, деп хабарлады Sports.kz. 

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
20 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын 84-секундта нокаутқа түсірді

Ол аргентиналық Ариэль Алехандро Сампедриді (9-4, 7 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберіп, BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақта бірден 434 орынға көтерілді. Қазақстандық жекпе-жек алдында 929-орында болған, қазір 495-орында тұр. 

Айта кетейік, Садриддин 84-ші секундта қарсыласының бауыр тұсынан ауыр соққы жасап, техникалық нокаутқа түсірген болатын. Ол 7 сәуірде алғашқы жекпе-жегін Тони Баррерасқа (1-2, 1 КО) қарсы өткізіп, таңғаларлық жеңіске жеткен болатын, мексикалық бірінші раундтың 31-ші секундында-ақ нокаутқа түсті. Осы жекпе-жектен кейін UCN Live журналисі Райан Скалия "жігіттің болашағы жарқын" екенін айтты, ал оның TVA Sports-тағы әріптесі Николя Мартино "бұл есімді есте сақтауға" шақырды.  

Сондай-ақ рейтингінде қазақстандық Нұрзат Сабыров (5-0, 5 КО) мексикалық Роландо Паредесті (13-7-2, 10 КО) төрешілердің шешімімен жеңгеннен кейін 194-орыннан 143-орынға (+51 орын) көтерілді.

Ал отандасымыз Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) аргентиналық Хонатан Хосе Энисті (20-10-1, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа жіберіп, BoxRec рейтингінде бірінші жартылай орта салмақта 48-орыннан 33-орынға жылжыды. 


Жаңалықтар
0