Спорт

Головкин "Канелоның" орнына кіммен кездесетіні белгілі болды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварес сыйақыны бөлу бойынша бір келісімге келе алмады

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварестің командасымен келісе алмағандарын, сондықтан рематч өтпеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды prosports.kz. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин әлемдегі 100 үздік спортшының қатарына енді

"Канеломен" келісе алмасақ, Головкин Билли Джо Сондерспен емес, міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесіп, титулын қорғайды. Сондерс 23 маусымда жұдырықтасады, біз абсолютті чемпион атағы үшін кездесу өткізуге келісіп үлгере алмаймыз", — деді Леффлер.

Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте рингке шығуы керек болған, алайда екі тарап сыйақы мөлшері бойынша келісе алмады.


Жаңалықтар
0