Спорт

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты

© AP Photo / Kathy WillensСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Эрик Гомес Головкинмен реванш өткізуге қарсы болмағанын, бірақ қазақстандық соңғы сәтте жөнсіз талап қойғанын жеткізді

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik.  "Golden Boy Promotions" промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes-ке берген сұқбатында 15 қыркүйек күні "Канеломен" кездесетін жаңа қарсылас іздеуге ресми түрде кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин "Канелоның" орнына кіммен кездесетіні белгілі болды

Гоместің бұл сөзі олардың Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқандарын білдіреді. Өткен жылы қыркүйекте өткен кездесуде тең тарқасқан қос боксшы биыл дәл сол уақытта қайта жұдырықтасып, шын мықтыны анықтағылары келген еді. Алайда, жеме-жемге келгенде сыйақы мөлшеріне келісе алмай қалды. Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы қазақстандықпен өтетін қарымта матчтан түскен табыстың 65%-ын өзіміз аламыз деп отыр. Ал отандасымыздың командасы табысты теңдей бөлсек деген талаптарын қойды. Осы мәселеге келгенде қос тараптың жолы екіге айырылды.

Эрик Гомес енді орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО), орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO), орта салмақтағы WBC белбеуінің уақытша чемпионы америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 KO) немесе ирландиялық Гэри О'Салливан (28-2, 20 KO) және канадалық Давид Лемье (39-4, 33 KO) қатарлы боксшылармен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Ол тағы Головкинмен реванш өткізуге қарсы болмағандарын, бірақ қазақстандықтың соңғы сәтте жөнсіз талап қойғанын жеткізді. Әрі GGG өзіне ұнаса, бар болғаны 12 жекпе-жек өткізген, әлі ешкім танымайтын Сергей Деревьянченкомен (міндетті қарсыласы) жұдырықтасып жүре берсін деп мысқылдап та қалды. 


Жаңалықтар
0