Спорт

Аралас жекпе-жек шебері өзін-өзі нокаутқа түсірді – видео

© Sputnik / Дархан МусинММА чемпионаты, архивтегі сурет
ММА чемпионаты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джаред Брукс қарсыласын жерге алып ұру кезінде қателік жіберіп, жекпе-жекті жалғастыруға шамасы келмеген

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik.  Аралас жекпе-жек шебері Джаред Брукс UFC Fight Night 131 турнирінде өзін-өзі нокаутқа түсірді. Видео UFC ұйымының Twitter-аккаунтында жарияланды. 

Брукс Хосе Торресті иығына көтеріп алған, алайда жерге алып ұру кезінде қателік жібереді. Жайсыз құлап, орнынан тұруға шамасы келмеген Бруксті қарсыласы соққының астына алған. Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.  

Брукс осымен екінші рет жеңіліске ұшырап отыр, ол бұған дейін 13 жекпе-жекті ұтқан екен.   


Жаңалықтар
0