Геннадий Головкин

Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

2957
(Жаңартылды 13:12 08.06.2018)
Халықаралық бокс федерациясы Геннадий Головкинді чемпиондық атағынан айыруға шешім қабылдады

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді ресми түрде әлем чемпионы атағынан айыруға шешім қабылдады, деп жазды Sports.kz.

22 мамырда Спрингфилд қаласында тыңдау өтіп, оған Головкин мен оның IBF бойынша міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко және олардың командалары қатысты. IBF екі тарапты да тыңдап, бүгін шешім шығарды. Геннадий Головкин IBF белбеуінен ресми түрде айырылады, өйткені 3 тамызға дейін Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин әуелі Сауль Альвареспен шаршы алаңда кездесуі керек болатын, алайда келіссөздер қаржылық келіспеушіліктің салдарынан тығырыққа тірелді. Сонымен бірге, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке шығуы мүмкін деген болжам айтылып жүр.

2957
Кілт сөздер:
чемпиондық белдік, IBF, Геннадий Головкин
Тақырып:
Головкиннің жекпе-жегі (54)
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы: Альварес пен Джейкобсты жеңе алатынымды бәрі біледі

638
Әлімханұлының ганалық Исса Самирмен жекпе-жегі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы барлық атақты боксшыны жеңе алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Твиттердегі парақшасында спортшы Сауль Альварес, Деметриус Андраде және Даниэль Джейкобстың суреттерімен өзінің суретін қойып, былай деп жазба қалдырды: "Мен оларды жеңе алатынымды бәрі біледі. Маған дәлелдеудің қажеті жоқ. Мен тек іс жүзінде көрсеткім келеді. Қазақ стилі - бұл ең үздік стиль".

Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео 

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Әлімханұлының ганалық Исса Самирмен жекпе-жегі кейінге қалды. Қазақстандық спортшы WBC Continental America және WBO Global титулдарын осы шайқаста қорғауы керек еді. 

638
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Жәнібек Әлімханұлы
Тақырып бойынша
Үш рет нокдаунға жіберді: тағы бір қазақ боксшысы АҚШ-та жеңіске жетті – видео
"Бұл – басы ғана": Әлімханұлы айшықты жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды – толық видео
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа жіберді – видео
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов

Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болды

61
(Жаңартылды 15:13 27.05.2020)
Ол бұған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлады Olympic.kz.

Оқи отырыңыз: Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қызметке тағайындалды 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құраманы 2016 жылдан бері басқарып келген Юрий Мельниковтың орнына Бақыт Ахметов келді. Ол осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Бақыт Ахметов туралы не білеміз?

Бақыт Ахметов 1979 жылы Шымкент қаласында туған. Азия чемпионы және қола жүлдегері (2004, 2007), Азия ойындарында алтын және қола жүлде (2002, 2006) жеңіп алған.

2009 жылдан бері жастар командасын баптаған білікті бапкердің шәкірттері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Атап айтқанда, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан.

61
Кілт сөздер:
бас бапкер, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды  
Чиншанло Беларусь турнирінде қола медаль жеңіп алды  
Қазақстандық ауыр атлет халықаралық турнирде алтын медаль ұтты
Зілтемірші Майя Манеза істі болды
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды – видео
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

2
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

2
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео