Спорт

Оскар де ла Хойя: Головкин - "Канело" рематчы өтетінін қуана хабарлаймын!

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Альварестің промоутерінің айтуынша, Головкинмен рематч 15 қыркүйекте өтеді

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы рематч өтетінін хабарлады, деп жазды prosports.kz. 

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Альварес Головкинге ультиматум қойды

Осылайша, Головкин мен Канелоның командалары екінші жекпе-жектен түсетін табысты қалай бөлісетіндерін келіскен сияқты. Шамасы, GGG табыстың 42,5%-ын, Альварес 57,5%-ын алады.

"15 қыркүйекте біз жекпе-жек өткізетінімізді қуана хабарлаймын! Канело – GGG ІІ", — деп жазды Де ла Хойя.

Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтпек. Былтыр боксшылар 16 қыркүйекте жұдырықтасып, тең түскен болатын.


Жаңалықтар
0