Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин

Головкин "Канело" рематчының табысы қалай бөлінетіні айтылды

431
(Жаңартылды 17:21 17.06.2018)
Екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Yahoo! Sports сарапшысы Кевин Йол қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үшін мексикалық Сауль Альвареспен рематч туралы келіссөздер сәтті аяқталғанын мәлімдеді, деп жазды Sports.kz.

"Қос тарап табыстың қалай бөлінетінін жарияламауға келісті. Алайда Головкин өзі талап еткен 45%-ды алғаны сөзсіз. Golden Boy компаниясының басқа амалы болмады, оны өздері де білді. Табысты алғашқы жекпе-жектегі 30%-дан 45%-ға дейін көтерді. Сондай-ақ Альварес допингке қарсы мұқият тексеріледі. Бұл Головкиннің үлкен жеңісі, дегенмен ол жұдырықтың жойқын күшімен де жеңіске жеткісі келеді", — деп жазды Йол.

Айта кетейік, екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.  


431
Тақырып:
Головкиннің жекпе-жегі (53)