Спорт

Дычко 21 жекпе-жекте жеңген америкалықты бірінші раундта сұлатып салды

© AP Photo / Lee Jin-manИван Дычко, архивтегі фото
Иван Дычко, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иван Дычко карьерасындағы алғашқы сегіз раундтық жекпе-жекті өткізіп, қарсыласын алғашқы раундта-ақ нокаутқа түсірді

АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшы Иван Дычко (5-0, 5 КО) кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

Сент-Питерсбергтегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кешінде ол 32 жастағы америкалық Майкл Марронемен (21-8, 15 КО) кездесті. Дычко үшін бұл карьерасындағы алғашқы сегіз раундтық жекпе-жек болды. Кездесу бірінші раундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Иван алтыншы рет жеңіске жетті, Марроне алтыншы рет жеңіліске ұшырады.   

Осы бокс кешін ұйымдастырған Fire Fist Boxing Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Джоди Калигуайр бұған дейін Дычконы болашақ әлем чемпионы деп атаған болатын.  

Иван бұдан бұрынғы бес жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтаған болатын: ол үш қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірсе, екеуін үшінші раундта сұлатқан.   


Жаңалықтар
0