АСТАНА, 21 маусым —Sputnik. HBO телеарнасының атқарушы директоры Тони Уокер мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші жекпе-жегін телевидениеде жарнамалауға құлықсыздық танытуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Канелодан" табанды жарнама міндеттемесін алған жоқпыз. Біз фанаттарға не болғанын білуге мүмкіндік беретін бағдарламаның эфирге шығуын күтіп отырмыз. Адал болғымыз келеді. Джим Лэмплидің жекпе-жек алдында шығатын "Fight Game" деп аталатын бағдарламасы бар. Ол не болғанын жайып салмайды деп ойлайсыздар ма?", — дейді Уокер.
Сондай-ақ "Канело" Головкинмен бірлескен баспасөз конференциясын өткізгісі келмейтінін мәлімдеді, дегенмен промоутерлер бұл мәселені реттеуге тырысып жатыр.