Игрок сборной России Георгий Джикия, игрок сборной Венгрии Мартон Эппель и игрок сборной России Роман Зобнин (слева направо) в товарищеском матче по футболу

Еуропалық бомбардир "Қайрат" футбол клубы құрамында ойнауы мүмкін

182
(Жаңартылды 09:42 26.06.2018)
Мартон Эппел Венгрия чемпионатында 14 гол соғып көзге түскен

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Венгрия ұлттық құрамасының шабуылшысы Мартон Эппел сенбі күні "Қайрат" футбол клубына қосылу үшін медициналық тексеруден өту мақсатында Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Sports.kz Nemzeti Sport басылымына сілтеме жасап.

Венгриялықтың денсаулығында еш кінәрат болмаса, тараптар шартқа қол қояды, өйткені барлық мәселе талқыланып, өзара бітімге келген. 

"Әлбетте, шабуылшы "Қайраттың" көзіне бірден түскен, себебі өткен маусымда Венгрия чемпионатында 14 гол соғып, жақсы нәтиже көрсетті", — деп жазады венгриялық БАҚ.

Мартон Эппелдің сапары сәтті аяқталса, алдағы уақытта отандасы Акош Элекпен бір клубта ойнайтын болады. Жартылай қорғаушы Қазақстанда бір жарым жылдан бері тұрады, Мартонға "Қайрат" пен Қазақстан жайлы бәрін айтып берсе керек.

Футболдан әлем чемпионаты жайында бүкіл ақпаратты мына жерден біле аласыз>>

182
Кілт сөздер:
футбол, спорт, "Қайрат" футбол клубы, Алматы
Гүл шоқтары

Белгілі қазақстандық комментатор өмірден өтті

3803
(Жаңартылды 12:18 05.07.2020)
Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында қайтыс болды, ақпарат және қоғамдық даму министрі марқұмның жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елге әйгілі спорт журналисі әрі комментатор, алматылық "Қайраттың" ардагері Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров хабарлады.

"Спорт журналистикасының мэтрі арамыздан кетті. Бүгін таңертең Диас Омаров дүниеден озды", - деді Ілияс Омаров.

Диас Омаров
Белгілі спортшы әрі комментатор Диас Омаров

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Бүгін қазақ журналистикасы тағы бір жарық жұлдызынан айырылды. Сексенге қараған шағында елге әйгілі спортшы, атақты футбол комментаторы Омаров Диас Ілиясұлы дүниеден өтті. Бүкіл саналы ғұмырын спортқа арнап, спорт журналистикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Диас Ілиясұлының өнегелі өмірі барша журналистер қауымына үлгі болып қалады", - деп жазды министр желіде.

Тағы оқыңыз: Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды

Қазақстанның футбол федерациясы да Омаровтың жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Диас Омаров 1940 жылы 20 қазанда дүниеге келген.

1959-1964 жылдар аралығында алматылық "Қайрат" командасында ойнады.

1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан "Хабар" арнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеді.

3803
Кілт сөздер:
спорт комментаторы, футбол, спортшы
Геннадий Головкин

Головкиннің келесі жекпе-жегі: Альвареспен өтетін трилогия мерзімі нақтыланды

405
(Жаңартылды 21:04 28.06.2020)
Қазақстандық боксшының поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі жыл соңына дейін өтеді деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) жыл соңына дейін рингке оралатыны белгілі болды. Ол келесі жекпе-жегін поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы өткізеді.

Шереметаның промоутері Анджей Василевскийдің айтуынша, олардың айқасы қазан немесе қараша айына жоспарланған.

"Біз қазірше қазан айының екінші немесе үшінші сенбісін (10 немесе 17 қазан) яки қарашаның алғашқы сенбісін (7 қараша) белгілеп отырмыз", - деді ол.

Бұл 2020 жылы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) трилогиясы өтпейтінін білдіреді. Болжам бойынша, олардың жекпе-жегі 2021 жылдың алғашқы жартысында, дәстүрлі мексикалық "Синко де майо" мерекесіне орай өтеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин

405
Кілт сөздер:
Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин, кәсіпқой бокс
Тақырып бойынша
Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды
Головкин жарақат алып қалды
Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті
Головкин – "Канело" жекпе-жегі туралы тың ақпарат шықты
Головкин "Канеломен" қыркүйекте жекпе-жек өткізуден бас тартты
Дәріхана, архивтегі сурет

COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты

227
Министр қазіргі уақытта көптеген адамдар дәрігерден кеңес алмай, өзін-өзі емдеумен айналысып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынын айықтырмайтынын дәрілерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мысалы, қазір бәрі "Цефтриаксон" деген бактерияға қарсы препаратты іздейді. Алайда Қазақстанда осы дәрінің 30-ға жуық атауы тіркелген. Соның ішінде "Цефаксон", "Аксон", "Белацеф", "Севацеф", "Сертоцеф", "ЦЕФ-триаксон", "Ротацеф", "Медаксон", "Зибан", "Цефасон", "Рацифин" және тағы басқа аналогтар бар", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, вирусқа қарсы препараттар да солай. Қазір көбі "Ингавирин" іздейді. Алайда осы іспетті 23 аналог бар. Олар – "Кагоцел", "Грипповир", "Пановир", "Арбидол", "Амиксин", "Тамифлю", "Ремантадин", "Флустоп", "Намидес", "Арпефлю" және тағы басқа дәрігер. 

"Вирусқа қарсы препараттар көп. Алайда ол дәрілер коронавирусты емдеу схемасына кірмейді. Қазір халық оның бәрін жаппай сатып алып жатыр. Бірақ онымен коронавирус инфекциясы емделмейді. Ондай дүрбелең туғызбау қажет. Себебі адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, ол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды", - деп атап көрсетті Цой.

227
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы