Спорт

Мысыр – Сауд Арабиясы матчының комментаторы ойын кезінде көз жұмды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуФутбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы
Футбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мысырлық ойыншылар өз тобындағы үш матчта да жеңіліп, соңғы орынды иеленді

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Әлем чемпионатының А тобындағы Мысыр мен Сауд Арабиясы құрамаларының матчы кезінде мысырлық "Замалек" клубының бұрынғы бапкері, қазір спорт комментаторы болған Абдрахим Мухаммед Негма қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik.

Комментатор Абдрахим Негма жергілікті телеарналардың бірінде тікелей эфирде Египет — Сауд Арабиясы ойыны туралы пікір білдіріп отырған. Ойынның 95 минутында қарсылас команданың футболшылары мысырлықтардың қақпасына гол салған уақытта Негманың жүрегі ұстап қалады.

Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ отандастарының жеңілісін көрген бұрынғы футболшы есін жимастан қайтыс болды.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Мысыр құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Осылайша, мысырлық ойыншылар өз тобындағы үш матчта да жеңіліп, соңғы орын алған еді.

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуФутбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы
Футбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы - Sputnik Қазақстан
1/2
Футбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы
© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуФутбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы
Футбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы - Sputnik Қазақстан
2/2
Футбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы
1/2
Футбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы
2/2
Футбол. ӘЧ-2018. Сауд Арабиясы - Египет матчы


Жаңалықтар
0