Спорт

Қуат Хамитов қай қазақ боксшысы келесі әлем чемпионы болатынын айтты

© Photo : Kokeshi75Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Найман" олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлем чемпионы титулын қазақстандық басқа боксшылардан бұрын иеленеді деген пікірде

АCТАНА, 29 маусым — Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Sports.kz сайтына берген сұхбатында олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы карьерасы жайлы қандай ойда екенін әңгімелеп берді. 

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді – видео

"Егер Елеусіновтің әуесқой бокста жүріп өткен жолына көз салсаңыз, жеңу керек болған жекпе-жектің барлығын жеңгенін көресіз. Даниярдың Олимпиададағы жеңісінен кейін мен оған кәсіпқой боксқа ауысу жағын ойлану керек екенін жаздым. Көптеген спортшы өзінің келесі жауапты жарысында жеңіліске ұшырап жатады, өйткені олардың бұған дейін болған ынтасы жоғалады. Елеусінов керек адамдармен келісімшарт жасап, жолы болды, өйткені оның промоутері Эдди Хирн әлемдік бокста лайықты орны бар тұлға. Данияр біздің басқа боксшылардан бұрын әлем чемпионы титулын иеленеді деп есептеймін және менің ойымша, бұған тез қол жеткізеді", — деп пікір білдірді "Найман". 

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты>> 

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) кәсіпқой бокстағы дебютін жасаған болатын — үшінші раундта ол америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен ұтты. Екінші жекпе-жегін Ұлыбританияда венгриялық боксшы Золтан Шабоға (24-11, 10 КО) қарсы өткізді. Алты раундтық кездесуде Данияр төрешілердің шешімі бойынша 65:64 есебімен жеңіске жетті.

Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді>>


Жаңалықтар
0