Спорт

Иван Дычко америкалықты бірінші раундта нокаутқа жіберді – видео

© AP Photo / Lee Jin-manИван Дычко, архивтегі фото
Иван Дычко, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы бір жылдан кейін үлкен жекпе-жектерге дайын болатынын айтты

АСТАНА, 7 шілде — Sputnik. Қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Боксшы Мұса Тұрсынғалиев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақ боксшысы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді

Холливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешеніндегі бокс кеші аясында Дычко 42 жастағы америкалық Морис Харриспен (26-22-3, 11 КО) кездесті. Қазақстандық бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Дычко кәсіпқой бокстағы жеті жекпе-жегінің жетеуін де мерзімінен бұрын аяқтады. Бұған дейін Иван спаррингте ешкім соңына дейін шыдай алмайтынын айтып қынжылған болатын. Осыған орай ол тәжірибелі боксшылардан көмек сұрады.

Сондай-ақ Дычко бір жылдан кейін үлкен жекпе-жектерге дайын болатынын айтты. Қазақстандық боксшы дивизионның лидерлері – Энтони Джошуамен (21-0, 20 КО), Деонтей Уайлдермен (40-0, 39 КО) жұдырықтасқысы келетінін атап өтті.   

20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді – видео>> 

Жаңа әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырамын деп нақұрыс атанды>> 


Жаңалықтар
0