Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия

ӘЧ-2018: Ресей Хорватиядан жеңіліп қалды

69
(Жаңартылды 12:41 09.07.2018)
Хорваттар пенальтиде ресейліктерді жеңіп, футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Футболдан  Ресей құрамасы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Хорватиядан жеңіліп қалды. 

Негізгі ойында Ресей құрамасының ойыншысы Денис Черышев (ойынның 31-ші минуты) пен хорваттық Андрей Крамарич (39-шы минутта) бір голдан соқты. Қосымша уақытта 101-ші минутта Игорь Акинфеевтің қақпасына Домагой Вида гол кіргізді, ал 115-ші минутта Марио Фернандес есепті теңестірді. 

Пенальти сериясында хорваттар жағынан Марсело Брозович, Лука Модрич, Домагой Вида және Иван Ракитич гол соқты. Ал ресейліктерден Алан Дзагоев, Сергей Игнашевич және Далер Кузяев қарсыластарының қақпасына гол кіргізе алды. 

  • Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия
    Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия
    © Sputnik / Александр Вильф
  • Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия
    Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия
    © Sputnik / Григорий Сысоев
  • Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия
    Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия
    © Sputnik / Александр Вильф
  • Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия
    Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия
    © Sputnik / Александр Вильф
1 / 4
© Sputnik / Александр Вильф
Футбол. ӘМ-2018. Ресей - Хорватия

Хорватия құрамасының қақпашысы Даниел Субашич матч кезінде жарақат алды, бірақ соңына дейін ойнады. 

Даниел Субашич
© Sputnik / Алексей Филиппов
Даниел Субашич

Сочидегі "Фишт" стадионында ойынды 44 мың 287 адам тамашалады. Матчқа Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович пен Ресей премьері Дмитрий Медведев қатысты. 

Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев пен Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович. Ортасында - ФИФА президенті Джанни Инфантино
© Sputnik / Григорий Сысоев
Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев пен Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович. Ортасында - ФИФА президенті Джанни Инфантино

Хорваттардың бапкері Златко Далич өз командасының жеңісінен кейін көз жасына ерік берді. 

Мәскеуде 11 шілдеде Хорватия құрамасы жартылай финалда Англиямен кездеседі. 


69
Кілт сөздер:
ширек финал, футболдан әлем чемпионаты, Ресей
Тақырып:
Футболдан әлем чемпионаты - 2018 (33)
Загрузка...