Спорт

Қазақстандық спортшы турнирдегі жеңісін Денис Тенге арнады

© AP Photo / Steven SenneДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәнерлеп сырғанаушы 19 шілде күні Алматыда кісі қолынан қаза тапқан еді

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Ингушетияда өткен "Таудағы айқас-7" M-1 Challenge 95 турниріндегі жеңісін Денис Тенге арнады.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"

Бірінші раундта Украинадан келген Зака Фатуллазадені техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін, Сергей Морозов микрофонды қолына алды. Бірақ турнир регламентінде бұл қарастырылмаған, деп жазады gazetaingush.ru.

"Бұл жеңісімді қаза тапқан Денис Тен мен барша Қазақстанға арнаймын", — деді ол. 

Спортшы Ингушетияның көрермендеріне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Денис Теннің өлімі: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 19 шілдеде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.

Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Жұма күні таңертең спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясов ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады. Жамбыл облысының тумасы бұған дейін де сотты болған. Ал екінші күдікті – 23 жастағы Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов сол күні кешке ұсталды.

Арман Құдайбергенов қылмыс жасайтын күні Астанада сотқа келуі тиіс болған

Жаңалықтар
0