Спорт

"Жанкүйерің болғым келеді". Данияр Елеусінов танымал супермодельдің жүрегін жаулады

© Photo : Казахстанская федерация боксаДанияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данияр Елеусінов тамыздың 4-інен 5-іне қараған түні венгриялық боксшы Габор Горбичпен жекпе-жекке шығады

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Victoria’s Secret агенттігінің бразилиялық моделі Адриана Лимамен қалай танысқанын айтып берді, деп жазады Sports.kz.

Даниэль Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин айырылып қалған IBF титулы үшін жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

"Бір ай Майамиде жаттықтым, ол жақ қатты ұнады. 5th Street Gym залында жұдырықтасып жүрдім. Ол залға барған сайын Адриана Лиманы көретінмін. Менің командаммен сөйлесіп: "Нью-Йоркке сенің жекпе-жегіңді көру үшін барамын. Сенің жанкүйерің болғым келеді", — деді", — деп еске алады Елеусінов Boxing Monthly журналына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ-та сәуір айында кәсіпқой рингке алғаш рет шыққан еді, ол кезде америкалық Ноа Киддті техникалық нокаутпен жеңген болатын. Кейін Лондонда төрешілердің шешімімен венгр Золтан Шабоны ұтты. 4 тамыздан 5 тамызға қараған түні Кардиффте Данияр тағы бір венгриялық боксшы — Габор Горбичке қарсы кездесу өткізеді.

Тағы оқыңыз: Қай қазақ боксшысы келесі әлем чемпионы атанбақ?

Жаңалықтар
0