Қанат Ислам мен Брэндон Кук

Қанат Исламнан нокаутпен жеңілген боксшы әлем чемпионы атануы мүмкін

837
(Жаңартылды 10:42 13.08.2018)
Ислам нокаутқа түсірген боксшы GGG мен "Канелоның" екінші жекпе-жегінің андеркардында әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Канадалық боксшы Брэндон Кук (20-1, 13 КО) 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин — Сауль Альварес бокс кешіне қатысуы мүмкін, деп хабарлады Sports.kz.

ESPN журналисі Фернандо Барбосаның ақпаратынша, Кук WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хайме Мунгияға (29-0, 25 КО) ең ықтимал қарсылас саналып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Мунгия бұған дейін "Канело" — GGG II андеркардына ресми бекітілген болатын. Кукке қатысты айтсақ, ол өткен жылдың қыркүйегінде қазақстандық боксшы Қанат Исламнан (25-0, 20 КО) техникалық нокаутпен ұтылды. Одан кейін канадалық екі рет нокаутпен жеңіске жетті: ол аргентиналық Карлос Сантананы (26-9, 20 КО) екінші раундта ұрып жықты, ал тағы бір аргентиналық Мигель Анхель Суаресті (15-2, 9 КО) үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.  

837
Кілт сөздер:
әлем чемпионы, кәсіпқой бокс, Қанат Ислам, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Қанат Ислам WBO рейтингіндегі орнынан айырылып қалды
Қанат Ислам министр Мұхамедиұлы бастаған флешмобқа қатысты
Қанат Ислам "Головкинмен жұдырықтасқың келе ме?" деген сұраққа жауап берді
Қанат Ислам өзінің промоутерлік компаниясын ашты
Қанат Ислам Астанада тағы бір жекпе-жек өткізеді
Головкиннің даулы жекпе-жегі, "Астананың" жеңісі, допинг дауы: Биыл спортта нендей жаңалық болды?
Загрузка...