Спорт

"Канело" GGG-ді нокаутқа түсіре ала ма?" Жаңа видео жарияланды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде "Канелоның" Головкинмен рематчқа дайындығынан видео жарияланды

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik.  Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) рематчқа дайындықты жалғастыруда, деп хабарлады Sports.kz.

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ковалев ойламаған жерден нокаутқа түсіп қалды – видео

"Канело" жаттығу лагерінде Головкинмен рематч алдында өз күшін арттырып жатыр. Ол бұл жолы GGG-ді нокаутқа түсіре ала ма?"— деп жазды твиттерде Golden Boy Promotions.

Головкин мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте сол жерде өтеді. Оған Пари-Матч букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициенттер беріп отыр:  Головкиннің жеңісі — 1.53, Альварестің жеңісі — 2.53, тең нәтиже — 25. Бұл жолы қос боксшы да жекпе-жекті төрешілер шешіміне дейін жеткізбей аяқтауға уәде берді.  

Головкин мен "Канело" бірін-бірі ұрып жібере жаздағаны видеоға түсіп қалды 

"Канело" Головкинмен алғашқы жекпе-жекте ережеге қайшы әрекетке барғаны анықталды


Жаңалықтар
0