Денис Тен

Психоаналитиктер Денис Теннің әндері кімге арналғанын айтты

1111
(Жаңартылды 10:27 19.08.2018)
Испаниялық маманның пікірінше, спортшының әндері әжесіне арналған

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. 9 маусым күні өткен "Денис және оның достары" атты шоуда марқұм спортшы алғаш рет өзінің туындысына өнер көрсетті. Ол "She won't be mine" деп аталатын шығармасының сөзін де, әнін де өзі жазған. Өмірде көңіл қосқан қызы болғанына қарамастан, Денис Тен әндерінің барлығын дерлік қолы жетпей жүрген аруға арнайды. Оны періштеге теңеп, шығармашылығының тікелей оған арналатынын білмейтіні туралы жазған. Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі мамандардан бұл әндердің шын мәнінде кімге арналған болуы мүмкін екенін сұрап көрді.

"Психоанализ теориясына келетін болсақ, қыздар мен балалар үшін бірінші сүйікті әйел — ол анасы. Ол — жас, хош иісті, әлемдегі ең жақсы және мейірімді жан. Анасына деген шексіз махаббатының бар екені сөзсіз. Бәлкім ол мұны жадында сақтаған шығар? Мысалы, қыздар да өз әндері мен поэмаларын бейсаналы түрде әкелеріне арнайды. Қазақта "Келін қайын ененің топырағынан" деген психоанализге жақын аталы сөз бар. Себебі, бала бәрібір ішінде анасының жас образын алып жүреді. Бірақ, шынайы өмірде анасына үйленуге болмайды. Сол себепті олар анасының жас көшірмесін таңдайды. Кейде осы "жас көшірме" енесінің жақсы мінезін ғана емес, кемшіліктерін де қайталайды. Осылай болуы мүмкін. Десе де, Денистің нағыз шығармашылық адамы екенін ұмытпайық. Әндеріндегі қыз өзі ойлап тапқан музасы болуы да ғажап емес. Өмірдегі қызы музасының рөлін атқарған болса, тамаша болар еді. Бұл терең, жақсы қарым-қатынастың өрбуіне әсер етеді. Мысалы, қазақта Абайдың екінші әйелі оған муза болды деп ойлаймын", — дейді Анна Мергенбайқызы.

Желіде Денис Теннің бала күнгі видеосы пайда болды

Ал испаниялық психоаналитик Мануэль Мартинез спортшы бұл әндерін марқұм әжесіне арнап жазған деген пікірде. Сондай-ақ, ол спортшының көп уақыттан бері күйзелісте жүрген болуы мүмкін екенін айтты.

"Әндегі қызды періштеге теңейтінін айттыңыз. Бұл психоанализде қайтыс болған адамның символы. Оның жуырда әжесі қайтыс болған ба еді? ("Иә. 2016 жылы әжесінен айырылған болатын" — Автор). Ол сол уақыттан бері күйзелісте жүрген болуы мүмкін. Бәлкім содан кейін жан-дүниесінде орны толмас "қуыс" пайда болған шығар. Яғни ол бұл әндердің барлығын әжесін сағынып жазып жүрген болуы да ғажап емес. Денисті қатты қиналғандықтан, есірткі секілді зиянды препараттар қолданды деп ойламаймын. Десе де, танымалдар арасында мұндайды көтере алмай, есірткіге салынатындар бар", — дейді ол.

Денис Теннің анасы қазақстандықтарға үндеу жолдады

Расымен де, мәнерлеп сырғанаушы соңғы сұхбаттарының бірінді жаны мен тәнін қатар емдегісі келетінін айтып, өзінің сырқаттанып жүргенін білдірген еді.

"Қазір менің басты мақсатым — емделу. Осы уақытқа дейін ауырған жерімді толық жазбай келдім. Қандай да бір жарақат алып қиналып жүргенім бірінші рет емес. Қазір дәл осылай спортпен шұғылдана алмауыма менің 2-3 жылдан бері өзімді қинап жұмыс істеуім себепші болып отыр. Ағза мұны көтере алмайды. Кореяда ағзама толық анализ жасағанымда, дәрігер "Сенің белің қисайған, арқаң да дұрыс тұрған жоқ, тізең де қатты жарақаттанған. Сау жерің қалды ма?" деді.

Олимпиададан кейін мен көп нәрсені ой сүзгісінен өткіздім. Көп жылдан бері жарақаттарыма көз жұмып, күнделікті жаттыға бердім. Демалыс қажет болғанда, жарыстарға қатысып жүрдім. Осының салдарынан жыл сайын ауыр жарақаттарым асқына берді. Қазір физикалық, моральдық, ментальдық тұрғыдан күш жинағым келеді. Осыдан кейін ғана шешім қабылдайтын боламын. Мен мәнерлеп сырғанауды әлі де жақсы көремін бе? Иә", — дейді Денис Тен соңғы сұхбатында.

 

1111
Кілт сөздер:
психоанализ, ән, мәнерлеп сырғанау, спорт, Денис Тен
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?
Димаш Құдайберген мен Денис Тен мұз айдынында бірге өнер көрсетеді
Денис Тен Универсиадаға қатысамын деп, сабағынан қарыз болып қалды
Денис Тен Қазақстан қоржынын оныншы алтын жүлдемен байытты
Сегіз қырлы бір сырлы Денис Тен: мәнерлеп сырғанаушы гитарада ойнап, ән салады
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

26
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

26
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

2074
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

2074
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Архивтегі фото

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?

118
COVID-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырған ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  

Вакцина БҒМ ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.

"Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмысын жалғастырып жатыр", – деп мәлімдеді институт директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу нәтижелері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

Қазақстандық вакцина адамдарға қашан сыналады

Сараптамалық жұмыстар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қаласындағы клиника базасында коронавирусқа антидене анықталмаған 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп жоспарланып отыр.

Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Кандидаттық вакциналардың клиникалық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан салынып жатқан биофармацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады.

Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар клиникаға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вакциналарды шығарады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДСҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

118
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды