Спорт

Қазақ күресінен Азия чемпионына қанша сыйақы беріледі?

© Sputnik / Болат Шайхинов"Қазақстан барысы" финалы, архивтегі фото
Қазақстан барысы  финалы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Чемпионаттың жалпы бюджеті 130 миллион теңгені құрап отыр, жеңімпазға 10 миллион теңге беріледі

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Биыл қазақ күресінен алғаш рет өткізілгелі отырған Азия чемпионатында жеңімпазға берілетін сыйақы мөлшері белгіленді. Бұл туралы Қазақ күресі қауымдастығының президенті Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әйелдердің күресі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Желіде Наурыз мейрамындағы әжелердің күресі жұртты елең еткізді

2018 жылдың 26 тамызында Астана қаласында қазақ күресінен тұңғыш Азия чемпионаты басталады. Чемпионатта қазақстандық спортшылармен қатар Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Жапония, Шри-Ланка, Иран мен Қырғызстаннан келетін спортшылар бақ сынайды. Дәлірек айтсақ, 11 елден 80-ге жуық палуан қатысып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Ал "түйе палуан" атанған спортшы 3 000 доллар иеленеді. Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев жеңімпазға қанша ақша көлемінде сыйақы берілетінін айтып өтті. 

"Бұл шоу емес, дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын Азия чемпионаты. Аталған сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар келіп қатысады. Десе де, мұнда жеңімпаздарға көп мөлшерде сыйақы тағайындалмайды. Әдетте бұлай коммерциялық мақсат көздеген турнирлерде жасалады. Жалпы Азия чемпионатына жұмсалатын бюджет сомасы – 130 миллион теңге. Бұл сомаға спортшылардың жататын орны мен күнделікті ішетін тамағы да кіреді. Ал жеңімпазға 10 миллион теңге көлемінде сыйақы тарту етіледі", — деді Қанат Бозымбаев. 

Еркежанды жеңген Вьетнам спортшысы жынысын ауыстырған ер бала екені анықталды

Әрі қарай федерация президенті аталған чемпионатқа қай мемлекеттің спортшылары қатысатынын айтып өтті. 

"Халықаралық қазақ күресі федерациясының негізгі мақсаты спортшылар мен қызығушылардың басын біріктіру, қазақ күресінің тек біздің елде емес, шетелдерде де дамуына үлес қосу, үздік спорттық жетістіктерге жетуге ықпал ету болып табылады. Жарты жылдың ішінде біз халықаралық қазақ күресі чемпионатын өткізіп үлгердік. Оған 40 мемлекеттің спортшылары қатысты. Жуырда ғана Грузия елінің Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионатын ұйымдастырдық. Оған Еуропаның 24 мемлекетінен спортшылар келді. 

Финал Қазақстан барысы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақ күресі АҚШ-қа дейін жетеді

Ертең, 26 тамыз күні Астана қаласында Азия чемпионаты болады. Айта кету керек, Шри-Ланка, Жапония, Иран сияқты мемлекеттер қазақ күресіне алғаш рет қатысып отыр. Бүгінгі таңда 20 мемлекет халықаралық қазақ күресі федерациясына мүше. Қуанарлық жағдай, Иран, Грузия сияқты елдерде қазақ күресінен арнайы балалар секциясы ашылды", — деді өз сөзінде Қанат Бозымбаев. 

Әрі қарай "Қазақ күресі халықаралық федерациясы" ЗТБ бас вице-президенті Жақсылық Үшкемпіров биыл ережелерге белгілі бір өзгерістер енгізілетінін айтты. 

"Қазақ күресі ережелеріне өзгерістер енгізілді. Ол палуандардың киіміне де қатысты. Сонымен қатар, Азия чемпионатында шетелдік төрешілер төрелік ететін болады. Олар үшін арнайы шеберлік сағаттарын өткіздік", — деді өз сөзінде Жақсылық Үшкемпіров. 

Айта кетейік, 2016 жылы ЮНЕСКО Қазақ күресін материалдық емес мәдени  мұралар тізіміне енгізді.

Жаңалықтар
0