Геннадий Головкин

Бокстан әлем чемпионы Головкин енді футболшы болғысы келеді

373
(Жаңартылды 19:24 28.08.2018)
GGG америкалық "Лос-Анджелес" футбол клубында қонақ болып, алған әсерімен бөлісті

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы "Лос-Анджелес" америкалық футбол клубының қорғаушысы болуға дайын.

Орташа салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC және IBO бойынша әлем чемпионы Головкин футбол командасының құрметті қонағы болып,  жанкүйерлеріне алған әсері туралы айтты.

Боксшы "Банк Калифорния" стадионында болғанына өте қуанышты екенін атап өтіп, клубқа қорғаушы керек болса, көмекке келуге әрқашан дайынмын деп әзілдеді.

Шаршы алаңда жеңілмеген қазақстандыққа футболшылар сыйлық тарту етіпті – GGG деген жазуы бар қара футболка және бейсболка.

Боксшының жанкүйерлері Сауль "Канело" Альвареске қарсы қарымта жекпе-жегінде жеңіс тіледі.

GGG — "Канело" кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өтеді.

Головкин мен Канелоның бокс кеші үлкен шығынға тап болды

Головкин ешкім күтпеген шындықтың бетін ашты

373
Кілт сөздер:
қорғаушы, футбол, бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин, АҚШ
Тақырып бойынша
Тайсонды жеңген аңыз боксшы Головкин — "Канело" рематчына болжам жасады
Бұрынғы әлем чемпионы Головкин – "Канело" жекпе-жегінің жеңімпазын атады
Головкин айырылып қалған IBF титулы үшін жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды
Головкин мен "Канело" түсіру алаңында төбелесіп қала жаздады – видео
Головкин "Канелоның" ұят қылықтарын тағы да бетіне басты
Загрузка...