Спорт

Данияр Елеусінов "маймылсың" деген боксшының ит терісін басына қаптады

© Photo : Казахстанская федерация боксаДанияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Олимпиада чемпионы өзін маймылға теңеп, тіл тигізген ирландиялық боксшы Рэй Мойлетке жауап берді

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Ирландиялық боксшы Рэй Мойлетт (11-0, 4 КО) қазақстандық Данияр Елеусіновке (3-0, 1 KO) тіл тигізді. 

Boxing News Twitter-де Елеусіновтің промоутері Эдди Хирннен Данияр Бостонда (АҚШ) Мойлетпен реванш өткізеді деген әңгіменің рас-өтірігін сұрады. 

 Хирн әлі жауап берген жоқ, есесіне ирландиялық пікір білдіріп үлгерді.

"Бұл [эмодзи маймылы] маған қарсы шығуға әлі дайын емес. # Борат", — деп жазды Мойлетт.

Данияр Елеусінов пен Рэй Мойлетт 2008 жылы Мексикада жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында жұдырықтасты. Ол кезде Ирландия боксшысы жеңіске жеткен болатын. 

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Елеусінов кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегі қашан болатынын айтты

Sports.kz Данияр Елеусіновтен ирландиялықтың бұл сөзіне не деп жауап беретінін сұраған екен. 

"Шынымды айтсам, жете бағаланбаған және ешкімге қызық емес мұндай адамдарға назар аударғым келмейді. Аты шықпаған, талант та, стиль де жоқ. Ол Мексикада менен ұтылған болатын, оған жеңісті сыйға тартты. Бүкіл зал шулады, жеңісті берген кезде көрермендер "баклажка" лақтырғаны есімде қалыпты. Марапаттау рәсімін ең соңында, барлық жанкүйер кеткен кезде өткізді. Тек ирландиялықтар мен біздің жанкүйерлер қалған еді. Төрешілер қатаң сынға ілікті… 

Ол өзге салмақ дәрежесінде. Менің салмағыма көтерілсе, жекпе-жекке дайынмын.   

"Найман" Данияр Елеусіновтің карьерасы жайлы қандай ойда екенін айтты  

Алайда ол жай ғана менің танымалдылығымның арқасында өзіне пиар жасап жатыр деп ойлаймын. Оны Instagram-нан көрдіңіз бе? еш жерде жоқ, өзі маған жазылған. Мен оның парақшасына кірмеймін, оқымаймын. Бар-жоғы 3-4 мың жазылушысы болуы мүмкін. Сондықтан менің есебімнен танымал болғысы келеді. Ол рингке шығатын болса, ұтылады, оны өте жақсы біледі", — деп түсіндірді  Олимпиада чемпионы.


Жаңалықтар
0