Илья Ильин

"Мен оралдым". Илья Ильин допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алды

1836
(Жаңартылды 14:15 03.09.2018)
Белгілі ауыратлетші көптен күткен жеңісінен кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек  Sputnik. Допингке бола басы дауға қалған қазақстандық атлетші өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

 

Бүгін Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында Илья Ильин 102 килограмм салмақ дәрежесіндегілермен бақ сынасып алтын медаль жеңіп алды. Араға бірнеше сағат салып ол қазақстандықтарға Instagram парақшасы арқылы алғыс айтты.

"Бәріне сәлем! Көптен күткен алтын медалім міне. Үнемі жанымда демеу болып, маған табыс тілейтін жандарға, достарыма, жалпы бәріне алғыс айтқым келеді. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Бұл карьерамның басы болғандықтан, әлі талай жүлделер болады деген ойдамын",  деп Илья медалін көрсетті.

Спортшының айтуынша, ол осымен тоқтап қалмақ емес. Алдына қойған мақсаттары көп.

"Бүгін мен қайта оралдым. Енді әрі қарай да жұмысқа білек сыбана кірісетін боламын. Алда әлем чемпионаты күтіп тұр. Басты мақсат Олимпиада ойындары екені сөзсіз. Менің достарым, барлықтарыңызға рахмет! Мен сіздерді ерекше жақсы көремін! Бұл біздің ортақ жеңісіміз!"  деді Илья Ильин.

 

 

Естеріңізге сала кетсек, допинг дауынан кейін Илья Ильинге 2018 жылдың маусым айына дейін ауқымды жарыстарға қатысуға тыйым салынған болатын.

1836
Кілт сөздер:
жеке парақша, спортшы, жеңіс, жүлде, допинг, Илья Ильин, Талдықорған, Қазақстан
Тақырып бойынша
Илья Ильин жаттығуда қанша келі көтеріп жүргенін айтты
Илья Ильин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты
ХОК Илья Ильиннің жүлделерін қайтарып алды
Күш бар, ақыл да керек: Илья Ильин дипломның бақытты иегері атанды
Илья Ильин Ақтауда брейк-данс билеп, көрермендерді таң қалдырды
Психоаналитиктер Денис Теннің әндері кімге арналғанын айтты
"Өлімге құштарлық". Адам өмірден өтетін күнін өзі таңдайтыны рас па?
Қазақстандық спортшы турнирдегі жеңісін Денис Тенге арнады
Биоәжетханаға тығылып чемпион атанған спортшы жарыстан қуылды
Арменияда жас спортшы шашымен көлікті сүйреді
Қазақстандық спортшы Болгариядағы жарыс үшін 10 кг салмақ тастаған
Загрузка...