Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин

Головкин мен "Канелоның" қарымта кездесу үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

1086
(Жаңартылды 14:04 10.09.2018)
Головкин – Канело қарымта жекпе-жегі Астана уақытымен 16 қыркүйекте өтеді

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Танымал испан тілді басылым AS.com Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жек үшін алатын сыйақы көлемдерін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.

WBC президенті Маурисио Сулейманға сілтеме жасаған басылымның мәліметіне сүйенсек, "Канело" кездесу үшін кепілдендірілген 30 миллион доллар алады, ал Головкиннің сыйақысы 20 миллион доллар. Бұл сомаларға HBO PPV-дағы ақылы трансляциялардың сатылуынан түскен үлес қосылады. Бұл жерде де мексикалық жігіттің олжасы анағұрлым көп болмақ, өйткені соңғы кездері PPV мен билеттердің нарықта сатылуына Альварес ықпал етіп жүр.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы кездесуде Альварес өз капиталын 50 миллион долларға арттырған, ал Головкин 20 миллионға байыды. Бұл GGG мансабындағы ең жоғары сыйақы болып саналады.

1086
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, сыйақы, қарымта жекпе-жек, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Қуат Хамитов Головкин қандай жағдайда жеңіске жететінін айтты
Қазақстандықтар Головкин-Альварес жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалайды
Бокстан әлем чемпионы Головкин енді футболшы болғысы келеді
Головкин – "Канело" бокс кеші үлкен шығынға ұшырады
"Кедергі келтіргісі келді". Головкин ешкім күтпеген шындықты ашты
Загрузка...