Спорт

Головкин-Альварес жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsБой Сауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин
Бой Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті отандық екі арнадан көре алады

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Golden Boy промоутерлік компаниясы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектің нақты уақытына қатысты мәліметті бөлісті.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Енді болмайтын шығар ...". Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды

ESPN Deportes басылымының хабарлауынша, тікелей эфир арқылы көрсетілмейтін андеркард жекпе-жегі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ге жоспарланған. (Бұл Астана уақыты бойынша 15-нен 16-сына қараған түн, сағат 03:00). Ал PPV-кард сағат 17:00-де басталады. (Астана уақыты бойынша 16 қыркүйек, сағат 06:00).

Головкин мен Альварес рингке сағат 19:00 мен 19:30 арасында шығады. Осылайша қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жекті 16 қыркүйек күні сағат 08:00 мен 08:30 арасында тамашалай алады.

Қазақстанда тікелей эфир "Qazsport" және "Qazaqstan" телеарналары арқылы көрсетіледі.

Сондай-ақ, бүгін Геннадий Головкин Instagram парақшасы арқылы өзінің командасымен бірге Лас-Вегасқа ұшып шыққанын хабарлады. 

 

Жаңалықтар
0