Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі

Абсолютті әлем чемпионы Головкин "Канело" жекпе-жегіне әділ болжам жасады

1363
(Жаңартылды 20:00 14.09.2018)
Норвегиялық боксшы қыздың пікірінше, Головкиннің жеңіске деген құштарлығы басым

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik.  Жартылай орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сесилия Брекхус осы аптада Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегінде кім жеңетінін болжады, деп хабарлады Sports.kz.

Сесилия аталған кештің андеркардында жұдырықтасады деп жоспарланған еді, алайда ол өзіне лайық қарсылас таба алмады.  

"GGG жеңеді деп ойлаймын. Иә, мен оның андеркардында жұдырықтастым, бірақ бұл әділ болжам (күледі). Ол жеңіске өте құштар деп ойлаймын, ал құштарлық бокста маңызды рөл ойнайды. Қатал спарринг-сессиялар қосымша ерік-жігер сыйлайды, ең жаманы, бәрі біткеннен соң сай-сүйегің сырқырайды. Ол сізді өлердей шаршап тұрғаныңызға қарамастан, соңғы раундтарға дейін жеткізеді", — дейді норвегиялық боксшы қыз.


1363
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин, Қазақстан
Тақырып бойынша
Головкин XXI ғасырдағы үздік боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты
Амир Хан Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім нокаутқа түсетінін біледі
Головкин мен "Канелоның" қарымта кездесу үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Қуат Хамитов Головкин қандай жағдайда жеңіске жететінін айтты
"Өз елін қолдамай ма?". Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы
Загрузка...